«Бостандыққа ұмтылған қазақтар» туралы тарихи мақала қазақ тілінде шықты

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - «National Geographic» журналының 1954 жылғы нөмірінде «Бостандыққа ұмтылған қазақтар» атты мақала жарияланған болатын. Жақында «National Geographic Қазақстан» журналының кезекті санында қазақ халқының басынан өткен нәубеттен сыр шертетін аталған мақала қазақ тілінде жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «National Geographic» мұрағатынан алынған осы мақалада жат жұрттық өктемдіктің бұғауына мойынсұнбай тіліне, діні мен діліне еркіндік іздеген қазақтардың батысқа қарай көшуі туралы тың деректер берілген.

3  

Айта кетерлігі, ұлт тағдыры тәлкекке түскен сонау қасаң жылдары Моңғолия, Қытай, Пәкістан, Үндістан мен Ауғанстанға қоныс аударған мыңдаған қандастарымыздың тек 9 пайызы ғана аман қалған болатын.

4  

«Кәшмірдегі атақты Шринагарға келген сол босқындардың арасында бір жылымды өткіздім. Олар Орталық Азия топырағын мыңдаған жылдар бойы мекендеп келе жатқан қазақ халқының өкілдері екен», - деп бастайды өз сөзін «Бостандыққа ұмтылған қазақтар» атты мақаланың авторы Милтон Дж. Кларк. - Мені қонақ еткен қайсар рухты үй иелері коммунистік биліктен қашып, Қытайдағы Шыңжаң провинциясынан қоныс аударған, аттың жалында өскен көшпенділердің ұрпақтары еді. Әйеліміз екеуміз қасіреті мен қасиеті бірдей ұлы көш жолындағы осы халықтың жақын досына айналдық. Ұзақ жолға Шыңжаңнан 4000 түтін шықса, солардың тек 350-і ғана Кәшмірге жетіпті».

5  

Сосын автор мақала барысында қазақ ұлтының өзіне тән мінезін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін журналдың әлі күнге дейін таймай келе жатқан стиліне салып, жан-жақты баяндап береді.

6  

63 жыл бұрын жарияланған журналдағы естелігінде ол сол кездегі қазақтарды былай деп суреттейді: 

«Жайлауда - Қалибектің киіз үйіндемін. Жаңбырлы күндердің бірінде ол Сұлтан Шәріп деген рубасыны және тағы бірнеше игі жақсыларды үйіне әңгіме-дүкен құрып, өткен күндерді еске алуға шақырды. Бір топ қазақ жігіттері ортадағы түтіні бұрқыраған ошақты айнала отырды. Бастарында аң терісімен әдіптеліп, көк, қызыл, кейбірінде күлгін жібекпен көмкерілген шошақай тымақ. Ұзын тондарының етегінің астынан жұмсақ етіктері жылтырайды. Бірі малдас құрып, кейбірі қызыл кілемге жантайған жас жігіттер бір-бірімен қалжыңдасып, алдарындағы мол да семіз етті алақандарымен толтыра асауда. Әйелдер шыны ыдысқа шай және кілегей құйып беруде. (Кәшмірде көшпенділердің сусыны - қымызды табу қиын). Маған қонақ ретінде құрмет көрсетіліп, ағаш тегенеге салынған қойдың басы тартылды. Асқа бата жасалғаннан кейін ру көсемі еттің ең сыйлы жерін кесіп алып, алдыма қойды».

7  

Бұдан бөлек, Милтон Дж. Кларк қазақтардың тағдырына, тарихына да көз жүгіртеді. «ҚАЗАҚ - КЕҢ ТАРАҒАН ХАЛЫҚ. Бұлар кімдер? Оларды туған жерінен безуге мәжбүр еткен қандай саясат? Түркітектес бүгінгі қазақтардың дені Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында тұрады. Қытайдан Каспий теңізіне дейін созылатын бұл аумақты бірнеше миллион қазақ мекендейді. Бүгінде қазақтардың көшпенді тайпалары батыс Қытайдың Шыңжаң провинциясындағы халықтың он пайызын құрайды. Жер аумағы Техастан екі жарым есе үлкен, ал халық саны Техастың жартысындай ғана болатын шөлейт Шыңжаң 1949 жылы Қытай коммунистік билігінің қоластына кірді. Бостандығына қатер төнген көп қазақ коммунистік билікке бағынғаннан гөрі басқа жерге көшіп кетуді жөн көрді», - деп жазады автор.

8  

Мақалада сондай-ақ, қазақтардың босқындық жолындағы күресінде тірі қалған Фазила Жаңалтай апамыздың естелігімен қатар, автордың қандастарымыздың бейнетке толы өмірі жайлы терең ой толғамдары мен тұжырымы топтастырылған. 

null

9 10 11 12  

Соңғы жаңалықтар