Бөрлі ауданында бюджеттік сала қызметкерлері үшін жатақханалар салынады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданында 2016 жылы қосалқы үй шаруашылығын қосқанда, 1,2 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл алдыңғы жылғымен салыстырғанда, 98,7 пайыз, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аудан әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, инвестиция көлемі 185,3 млрд. теңгеге жетіп, 2015 жылғыдан 33,4 пайызға асып түсті. Мемлекеттік бюджетке 154,1 млрд. теңге салық жиналса, соның 9,0 млрд. теңгесі (болжамға - 115,3 пайыз, 2015 жылғымен салыстырғанда, 129 пайыз) жергілікті қазынаға түсті.

Ауыл шаруашылығы саласында 6,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (2015 жылғыдан 1,3 млрд. теңгеге артық, өсім - 12,5 пайыз). Астық түсімі гектарына 13,7 центнерден айналды. 66402 тонна мал азығы дайындалып, 5010 гектарға күздік бидай себілді, 1944 тонна тұқым алынды. «Агробизнес - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамыту, фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мал тұқымын асылдандыру бағытында 9 жоба жүзеге асырылды.

«Биыл өткен жылы басталған жұмыстарды аяқтау көзделуде. Соның ішінде әлеуметтік сала нысандары мен тұрғын үйлер салу, Ақсай қаласы мен елді мекендерді сумен қамту, жылу желілері мен жолдарды жөндеу, инфрақұрылымды тартуға баса назар аударылмақ. Мысалы, Кеңтүбекте 50 орындық, Ақсай қаласында 240 орындық балабақша, төрт ауыл мен аудан орталығында бюджеттік сала қызметкерлері үшін жатақханалар құрылысы және басқа жұмыстар жоспарлануда», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне аудан әкімі Алдияр Халелов. 

Соңғы жаңалықтар