Болгариядағы турнирде қазақтың бір боксшысы финалға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Страндж» халықаралық бокс турнирінде Тұрсынбай Құлахмет финалға шықты. Ал Қамшыбек Қоңқабаев үшінші орында қанағат тұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.

«Аталған турнирде аса ауыр салмақта (+91) қазақтандық Қамшыбек Қоңқабаев болгар боксшысы Петар Белберовке есе жіберіп, үшінші орынды қанағат тұтты.

null  

Айта кеткен жөн, осыдан екі жыл бұрын Қоңқабаев осы турнирдің жеңімпазы атанған болатын. Соңғы бір аптаның ішінде Қамшыбек төрт бірдей жекпе-жекті өткізді. Соның ішінде Талдықорған қаласындағы WSB форматы бойынша өзбек боксшысына қарсы бес раундтық жекпе-жек те бар. Сол себепті биылғы қола - жақсы көрсеткіш», - делінген федерацияның ресми хабарламасында.

Ал 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқанТұрсынбай Құлахмет украиндық Валерий Харламовты жеңіп, финалға шықты. Бүгін ол жергілікті боксшы Арман Хакобянмен кездеседі.

null 

Соңғы жаңалықтар