Болгар теннисшісі Димитров ATP турнирінің жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда өткен Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының қорытынды турнирінде (сыйлық қоры - $8 млн) болгар Григор Димитров бельгиялық Давид Гоффеннен басым түсті.

Турнирде алтыншы нөмірде тұрған Димитров жетінші орындағы Гоффенді 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтты, деп хабарлайды ТАСС.

Теннисшілер алтыншы рет бір-бірімен бақ сынасты. Димитров екеуара кездесуде бес рет бельгиялықтан басым түсті.

 Атап өткен жөн, қорытынды турнирдің тарихында алғаш рет Үлкен дулыға сериясы турнирлерінің финалында бір де бір ойнамаған екі теннисші кездесті. Алғаш рет Қорытынды турнирде өнер көрсеткен 26 жастағы Димитров жасындай жарқырады. Осы жеңістің арқасында болгар спортшысы аталмыш маусымды ATP рейтингінде үшінші орынмен аяқтайды. Димитровтің алдында испандық Рафаэль Надаль (1) мен швейцарлық Роджер Федерер (2) тұр. 

Соңғы жаңалықтар