Бокс: Мексикалықтар Сойлыбаевтың жеңісін жер тепкілеп қарсы алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық жанкүйерлер Бекман Сойлыбаев пен  (11-0, 4 КО)  Самуэл Гонсалестің (13-5, 9 КО) айқасында төрешілердің жеңісті қазақстандыққа бергеніне қатты қарсылықтарын білдірді, деп жазады Sports.kz.

Сойлыбаев Гонсалесті төрешілердің (96:92, 97:93, 93:97)  екіге жарылған шешімімен басым түсіп, екінші жеңіл салмақта WBC International  белбеуін иеленді. Мануэл Бернардо Агирре орталығында жиналған мексикалықтар бұл шешімді қатты ысқырып, жер тепкілеп қарсы алды.

Еске сала кетсек, Бекман Сойлыбаев бұл кештегі мексикалықтардан басқа жалғыз қатысушы болған еді.

Соңғы жаңалықтар