Бокс: Азия біріншілігінің жартылай финалында қазақстандықтар кіммен жұдырықтасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамның Хошимин қаласында бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалындағы отандастарымыздың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай Азия біріншілігінің жартылай финалына алты қазақстандық бұрымды боксшы шыққан болатын.

51 келі салмақта Назым Қызайбай КХДР боксшысы Пенг Чол Мимен жұдырықтасса, 64 келі салмақта Мадина Нұршаева Таиланд қызы Лаопим Пимвилаймен кездеседі.

Ал 69 келі салмақта Валентина Хальзова Үндістаннан келген спортшы - Боргоин Ловлинаға қарсы шаршы алаңға шығады. Азияның қазіргі 75 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан аруымыз Дариға Шәкімова өзінің ескі қарсыласы қытайлық Ли Кианмен жекпе-жекке шығады. Сондай-ақ, 81 келі салмақтағы тағы бір отандасымыз Мөлдір Базарбаева да қытайлық боксшы Ян Сяолимен жұдырықтасады.

Алтыншы боксшымыз +81 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Ләззат Күнгейбаева жартылай финалда вьетнамдық Ни Транға қарсы айқасады.

Соңғы жаңалықтар