БҚО тұрғыны үйінің ауласынан снаряд тауып алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -  15 тамыз күні Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 1970 жылғы тұрғын өзінің ауласында жер қазып жатып, жарылғыш зат тауып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Табылған жарылғыш заттың Азамат соғысы кезінен қалған снаряд екендігі анықталды. Оның ұзындығы 32 см, диаметрі 7,5 см.

Қауіпсіздік шаралары қолға алынып, арнайы мамандардың қатысуымен снаряд залалсыздандырылды.

Айта кетейік, облыс аумағында Азамат және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған снарядтар бұдан бұрын да бірнеше рет табылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар