БҚО театрының жаңа маусымы «Шығыстың шерлі махаббатымен» ашылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры мерейтойлық ХХV маусымын Назым Хикметтің «Шығыстың шерлі махаббаты» (аударған Әбділда Тәжібаев) спектаклінің премьерасымен ашты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қойылымды Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, режиссер, профессор Тұңғышбай әл-Тарази сахналады. Суретшісі - Мұрат Мәмбетов. Спектакльді театр әртістері қос құрамда ойнайды. Басты рольдер Фархадты Жылқыбай Жұбатов пен Жасқайрат Валиуллиев, Мехменебануды Ақмарал Амандықова мен Наргиз Шадыева сомдады. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ербол Есендосов,  Гүлжиян Шынтемір, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Әсел Мәмбетова, ҚР мәдениет саласының үздігі Теміржан Матаев және басқа театр актерлері ойнайды.
null

Ақ Жайық жұртшылығы түркі халықтарында «Жеті ғашықтың» бірі ретінде құрметтелетін Фархад-Шырынның махаббатын баяндайтын терең пәлсапалық мәні бар қойылымды жылы қабылдады. Премьера соңында БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев кезінде бұл қойылымды сахналауға қазір батысқазақстандық театр есімін иеленіп жатқан КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хадиша Бөкееваның  атсалысқанын, Мехменебануды өзі де сомдап, халық сүйіспеншілігіне бөленгенін атап өтті. Тұңғышбай әл-Тарази да жаңаша сахналанған бұл қойылымды биыл 100 жылдығы тойланған атақты актрисаның рухына арнайтынын жеткізді.
null

Айта кетейік, драма оқиғасы төмендегіше өрбиді. Сіңлісін айықпас аурудан алып қалу үшін сұлулығын құрбандыққа шалған Шығыс патшайымы Мехменебану Шырындай аяулысы екеуі бір шеберге ғашық болып қаламыз деп мүлде ойлаған жоқ. Туған сіңлісіне деген бауырмалдық махаббаты сүйген жанына деген ғашықтығымен арпалысып, аяусыз азапқа түскен Мехменебану Фархад шеберді аса қиын сынаққа салды - адамдар аса мұқтаж болып отырған өзен суын бөгеген жартасты жолдан алып тастауды шарт қылды. Кең жүрегіне Шырынына деген ғашықтығын ғана емес, халқына деген махаббатын да сыйғыза алған Фархадқа тақ та, тау да кедергі бола алмайды.  
null 

Соңғы жаңалықтар