БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бұған дейін «Госэкспертиза» РМК БҚО филиалы директоры қызметін атқарып келген Бауыржан Болатұлы Сейтқали Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Бауыржан Сейтқали 1981 жылы дүниеге келген. 2002 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2007 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген.

Б.Б.Сейтқали еңбек жолын 2002 жылы Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясында заң кеңесшісі болып бастады. Содан кейін 2003-2004 жылдары «Құрылысконсалтинг» ҰО» ААҚ БҚОФ бас маманы, 2004-2005 жылдары осы филиал директорының орынбасары, 2005-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маманы, 2007-2008 жылдары осы басқарманың бөлім басшысы, 2008-2011 жылдары басқарма басшысының орынбасары, 2011-2014 жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары болды.

2014 жылдан «Госэкспертиза» РМК БҚО филиалы директоры қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар