БҚО-дағы боран кезінде 39 адам құтқарылды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айы аяғына таяса да Орал өңірінде көктемнің лебі сезілер емес. Керісінше күн сайын табиғат тосын мінез танытуда, деп хабарлайды Хабар 24.

Мұнда боран мен көктайғаққа байланысты өңірде барлық бағыттағы жолдар жабылса, кеше Орал-Тасқала мен Ресей шекарасына дейінгі күре жолда көлік қатынасына шектеу қойылды. Ақтүтек боранда қар құрсауында қалған 25 жеңіл және жүк көліктері шығарылған. Төтенше жағдай қызметінің мамандары 39 жолаушыны қауіпсіз жерге жеткізген. Синоптиктер бүгін түнде де тұман түсіп, көктайғақ болады, кей жерлерде боран соғады деген болжам жасап отыр. «Оралдан Тасқалаға одан әрі Саратовқа апарар жолдағы көлік қозғалысы таңмен қалпына келтірілді. Ал Тасқаладан Аққурай арқылы Болашаққа барар жолды кешке қарай ашуды көздеп отырмыз. Себебі ол жақта күндіз боран болды. Қазір жолдарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр», - дейді облыстық ТЖД бөлім бастығы Бақытжан Ихсанов. 

Соңғы жаңалықтар