БҚО-да жүк көлігі автомобильмен соқтығысып, 24 жастағы әйел қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -   Батыс Қазақстанда  ауыр жүк көлігімен жеңіл автомобильдің соқтығысуы салдарынан 24 жастағы әйел қаза тапты. Жол-көлік апаты бүгін, 23 наурызда сағат 14.00-де Самара-Шымкент күре жолында Зеленов ауданындағы Махамбет кенті маңында болған, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

Ауыр жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол РФ Самара жаққа бара жатқан.

- Трассамен Самара бағытында кетіп бара жатқанмын. Маған қарсы рулінде қыз болған «Кия» маркалы автомобиль келе жатты.

Жақындаған сәтте оның машинасы қарсы бетке сырғып, жүк көлігін соқты, қатты соққыдан машина жол жиегіне шығып кетті, -деді  ауыр жүк көлігінің жүргізушісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға орнында бір адам қаза тапқан. 24 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар