БҚО-да Жеңіске үлес қосқан ардагерлерге біржолғы көмек ретінде 118,6 млн теңге бөлінді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне және Жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтарға біржолғы материалдық көмек ретінде облыстық бюджеттен 118,6 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Нарымбетовтің мәлім еткеніндей, қазіргі таңда өңірде 146 майдангер қалды. Сонымен қатар облыста 8397 тыл еңбеккері тұрып жатса, соның ішінде 1441-і - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар (офицерлік құрамда және басқа елдерде қызмет атқарғандар, Ленинград құрсауында және фашистік концлагерьде тұтқында болған адамдар) бар.   Атап айтқанда, жергілікті бюджеттен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 150 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне 15 мың теңгеден, майдангерлер жесірлеріне 20 мың теңгеден, зайыптарына 15 мың теңгеден берілуде.

Айта кетейік, Жеңістің 72 жылдығына орай облыс көлемінде жоспарлы шаралар ұйымдастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар