БҚО-да жаяу жүргіншілерге қатысты 39 жол-көлік оқиғасы орын алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы үш айда жаяу жүргіншілердің қатысты 39 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 4 адам қаза тауып, 36-сы түрлі жарақат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде жаяу жүргіншілердің кінәсінен 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам көз жұмып, төртеуі жарақат алды.

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері жаяу адамдардың белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуіне байланысты 645 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты жүргізушілердің жаяу жүргіншілер өткелінде жол ережесін сақтауын (ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 615-бабы) бақылау күшейтілді.

Айта кетейік, осы мерзімде жаяу жүргіншіні өткізбеген 111 жүргізуші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 600-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Соңғы жаңалықтар