БҚО-да тұрғын 12 жасар өгей қызына азғындық көрсеткен

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теректі ауданы Барбастау ауылында тұратын әйел аудандық ішкі істер бөліміне күйеуінің өзінің қызына азғындық көрсеткені жөнінде шағым түсірген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Аудан прокурорының орынбасары Тұрар Ниязбаевтың айтуынша, алдын ала мәліметке қарағанда, К. деген тұрғын соңғы бір ай бойы 12 жасар өгей қызымен оңаша қалғанын пайдаланып, мас күйінде азғындық және зорлау әрекеттерін жасаған.

2 сәуір күні түскен арыз сол бойда тіркеуге алынып, тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде К. уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жалғасуда. Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды. Қызға тиісті психологиялық көмек көрсетілді.

Өкінішке қарай, өңірде мұндай деректер бұдан бұрын да тіркелген болатын. Ондай азғындыққа барғандардың ұзақ мерзімге сотталатыны белгілі.

Соңғы жаңалықтар