БҚО-да он жобаның алтауы экспортқа бағытталған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Индустрияландыру картасында  биыл іске қосылған 10 жобаның алтауы экспортқа бағытталған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, жобалардың жалпы құны 8 млрд теңгеден асады. Соның  арқасында 550 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде экспортқа бағытталған өнім өндіруге, соның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы өңдеу кәсіпорындарын ашуға барынша көңіл бөлінуде.

null 

Осы жобалардың бірі - бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір барысында іске қосылған Зеленов ауданы Щапов ауылындағы «Жайық Агро LTD» ЖШС-ның құс фабрикасы. Осы кезге дейін облыс жылына 10 мың тонна құс етін, яғни импорттық өнімді тұтынып келді. Енді жаңа кәсіпорында жылына 7 мың тоннаға дейін құс еті өндіріледі. Сонда қажеттілікті жергілікті өнім есебінен өтеуге болады.

Өткен жылы сыртқы тауар айналымы 4 млрд АҚШ долларын құраса, соның 500 млн доллары Еуразиялық экономикалық одақтың үлесіне тиеді. Биылғы сегіз айдағы экспорт көлемі 10 пайызға, еңбек өнімділігі 3 пайызға өсті. Бұл Индустрияландыру бағдарламасы өңір экономикасына оң серпін беріп отырғанын көрсетеді.

null 

Еске сала кетейік, өңірдегі «Батыс Марка Ламб» және «Кублей» ЖШС биылдан бастап Иранға қой етін жөнелтіп жатқаны белгілі. 

Соңғы жаңалықтар