БҚО-да міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек 114,5 млн теңгеге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы 16 маусымдағы мәлімет бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек 114,5 млн. теңгеге жетіп отыр, жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда өсім 7 млн. теңгені (106,5 пайыз) құрады. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың төрағалығымен өткен дағдарысқа қарсы облыстық штаб отырысында БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Есбол Әміров мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null
Оның айтуынша, бұл берешектің 43,2 пайызы (52,2 млн теңге) жұмысын доғарған кәсіпорындардың еншісінде. Олардың ішінде ресейлік «Газпром» ААҚ-ға қарасты «Спецгазремстрой» ААҚ еншілес құрылыс-монтаж компаниясының филиалы «ПМК-8» (6,8 млн теңге), «Катализатор» ЖШС (5,4 млн теңге), «Қазақлакрица» ЖШС (5,0 млн теңге), «Жаикстроймонтаж» ЖШС (4,4 млн теңге), «Спецгазремстрой» ЖШС (3,5 млн теңге) «көш бастап» тұр. Қазіргі таңда санатта барлардан «Кроун Батыс» ЖШС (10,2 млн теңге, Зеленов ауданы) мен «Тінәлі» ЖШС-ға (7,3 млн теңге, Сырым) сауықтыру рәсімі енгізілген. Сол секілді «БГС-Аксай» ЖШС 4 млн теңге, «AZIYA BOLASHAK BATYS» 3,9 млн теңге (екеуі де Бөрлі ауданында), «Батыс Марка Ламб» ЖШС 3,6 млн теңге (Ақжайық) және Орал қаласынан «F+VSV SERVICE» ЖШС 2,3 млн теңге берешегін өтемей келеді. Оған қоса әлеуметтік аударымдар бойынша берешек те 22,3 млн. теңгеге жетіп, жыл басындағыдан 2,1 млн теңгеге (110,6 пайыз) көбейіп отыр.
null 

БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Азамат Айтуевтің сөзіне қарағанда, соңғы үш жылда өңірде 647 кәсіпорында 807,1 млн теңге еңбекақы берешегі өтеліп, 7114 қызметкердің құқығы қорғалған. Соңғы кезде алынған шаралар нәтижесінде «СПМК 123» ЖШС 5 қызметкерге 1,8 млн теңге, «Гидромаш Орион» ЖШС 160 адамға 11,3 млн «Стройтельная инициатива» ЖШС 180 жұмысшысына 9 млн. теңге жалақы берешегінен құтылды. «Омега» прибор жасау зауыты» АҚ-ның биылғы наурыз айында 9 млн астам теңге бережағы болса, қазір соның 4,5 млн теңгесі өтелді.
null 

Жыл басында 200 млн теңге шамасында жалақы қарызының 53 млн теңгеге дейін азайғандығын айтқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов бұл бағытта бірлескен жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. 
null 

Соңғы жаңалықтар