БҚО-да киік аулаумен айналысқан ұйымдасқан топ мүшелері қолға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 19 маусым күні Қазталов ауданында киік аулаумен заңсыз айналысқан ұйымдасқан топ мүшелері қолға түсті. Бұл туралы БҚО ІІД тергеу басқармасы тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Махамбет Темірбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null
Оның айтуынша, кең ауқымды жедел іздестіру шаралары барысында 272 дана киік мүйізі, 1 млн. 120 мың теңге ақша, 5 дана аңшы қаруы, 1 газды тапанша, 134 дана оқ-дәрі, 4 қаршана, 5 жол талғамайтын автокөлік, 18 ұялы телефон тәркіленді. Қылмыс айғақтары табылған екі күдікті Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қалған үшеуінің қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

Қазіргі кезде киікті заңсыз аулауға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
null

Айта кетейік, өңірде киікті заңсыз аулау қылмысы азаяр емес. Айталық, өткен жылы 24 қылмыстық  іс өндірісте болса, биыл жыл басынан бері 13 сондай істің төртеуі сотқа жіберілді. Бесеуі қылмыстық жауапкершілікке тартатын адам анықталмағандықтан, тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар