БҚО-да дін істері басқармасының басшысы ауысты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес Саялбек Махамбетұлы Ғиззатов БҚО дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов жаңа басшыны басқарма ұжымына таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Осыған дейін аталмыш басқарманың дінтану сараптамасы, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген С.М.Ғиззатов 1984 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы «Еуразия» академиясын тәмамдаған. 2005-2013 жылдары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да оқытушылық, ғылыми-зерттеушілік, декандық қызметтер атқарды. 2013 жылдан бастап БҚО дін істері басқармасында бөлім басшысы болып келді.

Тарих ғылымдарының кандидаты. 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы. 2016 жылы Алматыдағы республикалық «Арыс» баспасынан «Бөкей ордасындағы жер үшін күрес (1850 жылдарға дейін)» атты монографиясы жарық көрген. 

Соңғы жаңалықтар