БҚО-да автобуспен түйіскен мотоцикл жүргізуші көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше сағат 20.10 шамасында Теректі ауданы Подстепный ауылы маңында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1966 жылғы жүргізуші жолаушылар тасымалдайтын «ПАЗ» автобусымен «Нефтэк» жанар-жағар май стансасына бұрылған кезде «DFMCO» ныспылы мотоциклге жол бермеген. Соның салдарынан 1985 жылғы мотоцикл жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, Теректі аудандық ішкі істер бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

Айта кетейік, бұл мотоциклдің қатысуымен болған бірінші оқиға емес. Бұдан бұрын дәл осындай қайғылы жағдай Орал қаласында тіркелген болатын.

Соңғы жаңалықтар