БҚО-да әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 608,2 млн астам айыппұл салынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 88042 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 608,2 млн астам теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 45520 әкімшілік материал бойынша 371,396 млн теңге өндірілді.

Осы кезеңде алты «Ураган» ақпараттық-бағдарламалық кешенімен сот орындаушыларымен шектеу және ұстау шаралары қабылданған 756 көлік құралы ұсталды. Жалпы қарыз 167,8 млн жуық теңгені құраса, соның ішінде салынған әкімшілік айыппұлдары бойынша 23,8 млн астам теңге өндірілді. 

Соңғы жаңалықтар