БҚО-да 6,2 млрд. теңгеге 54 елді мекенге ауыз су жеткізілмек

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасының «Ақ бұлақ» бағыты бойынша 6,2 млрд. теңгеге 39 жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаевтың айтуынша, бұл 65 мыңнан астам адам тұратын 54 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді.

Аталмыш жобалар мәреге жеткен кезде орталықтандырылған су көзіне қосылған ауылдар саны 251 мың адам тұратын (78,5 пайыз) 186 елді мекенге жетіп, 42 пайызды құрамақ.

Облыста барлығы 443 елді мекен болса, қазіргі таңда соның 164-і ғана (37 пайыз) орталықтандырылған сумен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар