БҚО ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -Берік Абатұлы Есенғалиев Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Берік Есенғалиев 1977 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1998 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

1999 жылы еңбек жолын «Құрмет» зейнетақы қорының маманы ретінде бастап, кейін осы қордың өңірлік директоры, 2002-2008 жылдары  аралығында облыстағы бірнеше кәсіпорындарда басшылық қызметтерде болды. 

2008-2012 жылдары Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары, 2012-2013 жылдары осы ауданның әкімі, 2013-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары, 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.

 

Соңғы жаңалықтар