«Бизнестің жол картасы» кәсіпкерлердің шағын ғана бөлігін қамтып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы кәсіпкерлердің шағын ғана бөлігін қамтып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сенатор Дархан Кәлетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылғы бюджеттің орындалуы қорытындысын қарастыра келе Үкімет  пен Есеп комитетінің өте үлкен ауқымды жұмыс атқарғанын атап өткім келеді. Жыл сайын Үкімет пен Есеп комитетінің есебін қарастыру барысында мемлекеттік бюджеттік орындалуындағы жекелеген проблемаларға қатысты жайттарды көреміз. Көп жағдайда бұл проблемалар жүйелі әрі бюджетті жоспарлаумен қатар оның орындалу процессімен де байланысты. Мемлекеттік сатып алуларды бұза отырып қаржыны тиімсіз немесе мақсатсыз пайдалану, оны дер уақытында өткізбеу, әкімшілер мен жергілікті атқарушы органдардың нақты іс-қимылының болмауы бюджеттік мониторингтің ұтымдылығы мен толыққандылығы мәселесін көтереді. Есептерде бюджет қаражатын игеруге баса назар аударылған. Бұл бюджет орындалуының шынайы проблемаларын жасырады. Игермеу жоспарлаудың сапасы мен орындалудың шынайы қорытындысы туралы басты тұжырым ретінде қарастырылмауы тиіс», - деді сенатор.

Оның айтуынша, экономика өсімі үшін жаңа драйверлер қажет. сондықтан қаржы бюджеттің әрбір теңгесі нақты есептеле отырып бөлінуі тиіс. Сондықтан жоспарлаудың іргелі процестерін, болжауды бастап, жаңа әдістер енгізу керек.

«Бұл ең бірінші кезекте мемлекеттік даму бағдарламаларына қатысты. Бұл жерде нәтижелелік тұрғысынан қолдаудың сапалы әзірленген тетіктері қажет. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» 7 жылдың ішінде ауқымды бола алмады. Тек кәсіпкерлердің шағын бір бөлігін ғана қамтыды. 2010 жылдан бастап жүзеге асырылған бағдарламаның қатысушысы 5408 кәсіпкер болды. Ал бұл еліміздегі белсенді шағын және орта бизнес субъектілері жалпы санының 0,5 пайызын ғана құрайды», - деді Д.Кәлетаев.

Соңғы жаңалықтар