Бизнесмендер Астанадағы 30-ға жуық медицина мекемесін жекешелендіріп алуға мүдделі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы медициналық мекемелердің 30-ға тарта нысаны кәсіпкерлердің қызығушылығын танытуда, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Олар бұл нысандарды жекешелендіруге немесе сенімді басқаруға алуға дайын. Қандай медициналық мекемелер үлкен сұранысқа ие екендігі кәсіпкерлер арасында өткізілген сауалнамада анықталды.

"Бұл ұсыныстарды біз әкімдікке жолдадық, қазір олар қарастырылып жатыр. Биыл біз бұл мәселені пысықтамақпыз. Менің ойымша, мұндай нысандар жеке секторға өте бастайды", - деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов.

Еске салсақ, күні бұрын Қазақстанның жедел жәрдем қызметі мемлекеттік мәртебеден айырылды. Әзірге бұл тәжірибе ретінде Ақтөбе қаласында енгізілді. Жедел жәрдем қызметі тек мемлекетке ақылы болады, пациенттер үшін ол тегін болып қалады. Жеке меншік клиникалардағы тарифтерге келетін болсақ, олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде мемлекеттік клиникалардың тарифтерімен бірдей болады. Бұның алдында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның жүйеге қатысатын барлық медициналық мекемелері кепілдендірілген медициналық көмек көлемін қор есебінен атқаратын болады деп xабарлады.   

Соңғы жаңалықтар