Біз Қазақстандағы жаңа саяси реформаларға қолдау білдіреміз - Ватиканның дипломатиялық өкілі

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканның Қазақстандағы Апостол Нунцийі Фрэнсис Ассизи Чулликатты қабылдады.

Қ.Тоқаев биыл Қазақстан мен Киелі Тақ арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті және біздің еліміздің Ватиканмен өзара іс-қимылы мен өзара түсіністіктегі жоғары деңгейі туралы ризашылықпен айтып берді.

Кездесу барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Хатшылығының алдағы 18 мамырдағы отырысының мәселелері қаралды. Астанада 2018 жылы өтетін VI Съездің күн тәртібін қалыптастыруға Рим-католик шіркеуінің белсенді қатысуының маңызы атап өтілді. Жүздесушілер биылғы қыркүйектің басында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аясында түрлі конфессиялардың діни қайраткерлерінің қатысуымен бірлескен шара өткізу туралы әңгіме өрбітті.

Сенат Төрағасы Апостол Нунцийін біздің еліміздегі конституциялық реформа туралы хабардар етті. Ф.А.Чулликатт өз кезегінде: «Біз Қазақстандағы жаңа саяси реформаларға қолдау білдіреміз. Сіздердің елдеріңіз аймақтағы демократиялық дамудың үлгісі болып табылады. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында Қазақстан ауқымды істерді атқарды, дамуда зор жетістіктерге жетті», - деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар