Биылғы 9 айда экономика өсімі қарқыны сақталып келеді - Тимур Сүлейменов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан экономикасының өсу қарқыны сақталып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында 2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын баяндау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есепті кезеңде Қазақстан экономикасы 4,3 пайызға өсе отырып, ағымдағы жылғы қаңтар-тамыздағы өсу қарқынын сақтап қалды. Экономикалық өсуге макроэкономикалық тұрақтылық пен инвестициялық белсенділік, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы қолайлы жағдайлар ықпалын тигізді. Ең алдымен, бұл сұраныстың жалғасуы және біздің экспорттың негізгі түрлеріне баға конъюнктурасының жақсаруына байланысты.

Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде қабылданған шаралардың арқасында экономиканың барлық бес саласы бойынша оңтайлы үрдіс байқалып отыр», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, экономиканың нақты секторы бағытында өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс салалары өсудің негізгі қозғаушылары болды.

«Өнеркәсіп қаңтар-қыркүйекте 8,3 пайызды құрап, жыл басынан бері тұрақты өсуді көрсетіп отыр. Көмір және лигнит, мұнай, табиғи газ, сондай-ақ түсті металдар кенін өндірудің екі таңбалы сандармен өсуі есебінен кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 11,3 пайызға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өсу 5,7 пайызды құрады. Ішкі нарыққа бағдарланған салаларда айтарлықтай өсу байқалып отыр, ең алдымен бұл фармацевтика өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері және сусындар, сондай-ақ мұнай өнімдері болып табылады. Экспортқа бағдарланған салалар өсудің тұрақты қарқынын көрсетіп отыр, мысалы қара металлургиядағы өндіріс 7,8 пайызға, түсті металдар өндірісі - 6,6 пайызға өсті», - деп түсіндірді Сүлейменов.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығында өсу 1,9 пайыз деңгейінде сақталып отыр, бұл ретте құрылыстағы өсу ағымдағы жылғы қаңтар-тамыздағы 0,1 пайыздан 9 айда 3,5 пайызға дейін жылдамдады.

Соңғы жаңалықтар