Биыл ШҚО мен Алматы облысының энергетикалық тәуекелі төмендейді

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - 2018 жылы «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» 500 кВ желісі өңіраралық жобасының құрылысы аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 102,3 млрд кВт/сағатты құрады және 2016 жылмен салыстырғанда 8,7 пайыз өсім көрсетті. 2018 жылдың жоспары - 102,4 млрд кВт/сағат. Бұл ретте электр энергиясын өндіруші компаниялардың қуат көздері ең жоғары жүктемеге 3 мың МВт-тан артық, яғни 22-25 пайызды құрайды. 2025 жылға дейін тұтынудың қажетті көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік бар», - деді министр.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында, әсіресе 28 қаңтарда өте төмен температура болған кезде электр энергиясын пайдаланудың максимумы 14615 МВт-ты құрап, болжамды мәннен 115 МВт-қа асып түсті.  Бұл республиканың энергия жүйесіндегі тарихи максимум болып табылады. Электр стансаларының жиынтық генерациясы шамамен 15 мың МВт-ты құрады.

«2018 жылы «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» 500 кВ желісі өңіраралық жобасының құрылысы аяқталады. Қазір қалған 338 шақырым желісі салынып жатыр. Осы жоба Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға  бағытталған. Сонмен қатар транзиттік өткізу қабілеті 2100 МВт-қа дейін арттырылмақ», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар