Биыл мектеп бітірушілердің барлығы қорытынды аттестаттаудан өткізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл мектеп бітірушілердің барлығы қорытынды аттестаттаудан өткізіледі. Бұл жайында ақпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мектеп бітірушілердің барлығы дерлік қорытынды аттестаттаудан өткізіледі. Бұл талап «Алтын белгі» иегері атануға үміткерлер үшін де қойылған. 1-ші ақпаннан емтихан қабылдайтын комиссия құрылды. Комиссия құрамына пән мұғалімдері, ата-аналар комитеттері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. 1-ші наурызға дейін комиссия қорытынды аттестаттауды тапсыратын түлектердің тізімін жасады. Емтихан жұмыстарының материалдары 23-ші мамырға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан әзірленеді. Ал білім басқармалары емтихан материалдарын 27-ші мамырға дейін мектептерге жеткізеді»,- делінген таратылған ақпаратта.

Ведомство мәләметінше, қорытынды аттестаттауға 4 негізгі және таңдау бойынша 1 пән енгізілген. Бірінші ана тілі мен әдебиеттен эссе жазуға 3 сағат уақыт беріледі, түлектердің таңдауына 10 тақырып ұсынылады: 5 әдеби және 5 еркін тақырып. Екінші - алгебра және анализ бастамалары жазбаша, уақыты 5 сағат. Үшінші - Қазақстан тарихы ауызша үш сұрақтан 30 билет. Дайындыққа 20 минут беріледі. Төртінші орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі - тестілеу, үш бөлімге бөлінген 40 сұрақ: лексика мен грамматика, тыңдалым, оқылым. Бесінші таңдауы бойынша пән: физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі тестілеу, 40 тесттік тапсырма.

Қорытынды аттестаттау 2017 жылдың 29-шы мамыры мен 9-шы маусым аралығында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар