Биыл мақтаның бағасы қанша болады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында мақта бағасы тоннасына 160 мың теңге болып белгіленді. Мақтарал ауданындағы «Қазақстан» мақта қабылдау пункті алғашқы мақта бағасын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Мырзашөлдегі ақ алтынның түсімі гектарына 25-30 центнерге жеткен. Ақ, дайын өнімнің тоннасы 160 мың теңгеден қабылданып жатыр. Егер шаруалар мақта бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін деп деп сақтауға қоятын болса, оларға қазірше тоннасына 150 мың теңгеден аванс берілмек екен.

Көршілес Шардара ауданы, Алатау батыр ауылындағы «Қазақстан» мақта қабылдау пункті бүгінгі таңда 200 тонна мақта жинап үлгерді. 250-ге жуық шаруа қожалықпен келісім-шартқа отырған мақта қабылдаушылар биылғы жылы қырманға 15 мың тоннаға дейін өнім жинауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, дүниежүзі бойынша мақта өсірумен 39, ал мақта талшығын бастапқы және терең өңдеумен 80 астам мемлекет айналысады. Қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 100 мың тонна мақта талшығы өндіріліп, оның 95%-ы экспортталған.

Сол сияқты, өткен жылы шаруалар 214 мың тонна «ақ алтынның» 45пайызын комбайндарның көмегімен жинаған. Бұл көрсеткішті биылғы жылы 60 пайызға жеткізбек. Осыған орай,биыл 23 шетелдік мақта комбайны сатып алынды. Ендігі кезекте  дихандар ала жаздай еңбек етіп, маңдай термен еккен мақтаны жауын-шашынға қалдырмай ысырапсыз жинап алуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар