Биыл Лисаков қаласында - «жол жөндеу жылы»

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2017 жылы Лисаков қаласының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері артқан. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ысмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмат Ысмағұловтың айтуынша, биыл өңірде «жол жөндеу жылы» болды. Осы уақытқа дейін қала тұрғындары жол мәселесі туралы әкімнің атына бірнеше мәрте хат жазып келген еді.

«Қала ішіндегі жол 81 шақырымды құрайды. Жыл басында жол аумағының 44 %-на сапалы жөндеу қажеттілігі туындады. Сөйтіп, биыл 600 млн теңгеден астам қаражат жол мәселесін шешуге жұмсалуда. Оған қоса үш көшенің бойына орташа жөндеу жүргізілді.  Сондай-ақ, Темірбаев көшесі толықтай қайта жаңа кейіпке енеді.  Бұған 268 млн теңге бөліп отырмыз. 17 мың шаршы метр аумақты тротуар орнатылды. Осы қарқынды сақтасақ, алдағы екі жылда қала ішіндегі жолдар дұрысталады», - деді Лисаков қаласы әкімі. 

Ал негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша іркіліс жоқ. Қаланың өнеркәсіптік өндіріс құрылымының 63 %-ы ірі кәсіпорындарға, 37%-ы шағын және орта бизнеске тиесілі. Тау-кен өнеркәсібінде өнім 22,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18,2 % - ға өскен.

Жалпы, Лисаковта өнеркәсіптік кәсіпорындары 28 млрд теңгенің өнімдерін өндірген. Бұл былтырғы жылға қарағанда 118 %-ға артық.

«Қаланың облыстағы өнеркәсіп өндірісінің үлесі 6% жуықтады. Соңғы 4 жыл ішінде өнеркәсіптік өнім көлемінің үлесі артты. Мұнымен бірге, «Шаймерден» акционерлік қоғамы көрсетілген көмектің арқасында тұрғындар көптен күткен футбол алаңы ашылды», - деді қала әкімі.                                                                 

Соңғы жаңалықтар