Биыл Қазақстанда 4 мыңнан астам жол салынып, жөнделеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы ұзақтығы 4,4 мың шақырым болатын 22 автожол жобасын іске асыру көзделген.

 Бұл жайында бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның дерегінше, Орталық-Оңтүстік жобасы бойынша ұзақтығы 14 шақырым болатын Теміртау-Қарағанды учаскесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

«Біз Дүниежүзілік және Еуропалық банктер қаржыландыратын ұзақтығы 228 шақырым болатын Күрті-Бурылбайтал учаскесінің жұмысына кірісіп кеттік. Сондай-ақ, бюджет қаржысы есебінен ІІІ тоқсанның соңына дейін Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолы учаскесін қайта қалпына келтіру басталады. 2018 жылдан бастап Дүниежүзілік банк есебінен Балқаш-Бурылбайтал (297 шақырым) учаскесін және Күрті-Қапшағай (67), 2019 жылы Қарағанды-Балқаш (364) учаскелерінде жұмыстарды бастауды жоспарлап отырмыз», - деді вице-министр.

Вице-миинстрдің айтуынша, биыл Орталық-Шығыс жобасын іске асыруға 106 млрд теңге бөлінді. 675 шақырымда жұмыс жіргізілді және жылдың соңында Астана-Павлодар учаскесінің 230 шақырымында жолдың 4 жолақты қозғалысын ашу жоспарланған. Сонымен бірге ұзақтығы 36 шақырым болатын соңғы учаске - Семей-Қалбатау бөлігіндегі жұмыс аяқталады. Орталық-Батыс жобасы бойынша 2020 жылға дейін Денисовка-Қостанай (114 шақырым) учаскесін аяқтау жоспарлануда. Мұнан бөлек, министрлік ұзақтығы 2 мың шақырым болатын Жетібай-Жаңаөзен, Талдықорған-Өскемен, Меркі-Бурылбайтал, Қалбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Таскескен-Бақты, Осинов асуы, Щучье-Зеренді сияқты жаңа жобаларды іске асыруға кірісті.

«Іске асырылған жобалар бойынша бірінші жартыжылдықта 112 млрд теңге игерілді және бұл жобаларға 80 мың адам жұмылдырылды. Жыл қорытындысында бағдарлама аясында 1 және 2 техникалық санаттағы 600 шақырым жолды аяқтау жоспарланып отыр. Оның ішінде Бейнеу-Ақтау және Алматы-Талдықорған автожолын қайта қалпына келтіруді толықтай аяқтау көзделген», - деді Роман Скляр.

Соңғы жаңалықтар