Биыл елорда бюджетінің түсімі 10 пайызға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда бюджетіне биылғы қаңтар-қазан айларында 189 млрд 868 млн теңге түсті, деп хабларлайды ҚазАқпарат Елорда инфоға сілтеме жасап.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 16 млрд 268 млн теңгеге немесе 9,9 пайызға ұлғайды. Оның ішінде салықтық нақты түсім 175 млрд 581 млн теңгені құрады. Бұл жерде түсім 13 млрд 595 млн теңгеге, яғни 8,9 пайызға артып отыр. Бұл мәліметті қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді берді.

«Биыл бюджетті үш рет нақтылау өткізілді. Қорытындысында кіріс бөлігі соңғы нақтылауды есепке алғанда 26 млрд теңгеге ұлғайып отыр. Жыл бойы бөлінген қосымша қаражат елорда тұрғындарының қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін басымды міндеттерді іске асыруға бағытталды. Депутаттар мен халық үнемі көтеріп отыратын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге қосымша шамамен алғанда 9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде білім беру саласына 2,5 млрд теңге тиісілі», - деді Е. Егемберді

Соңғы жаңалықтар