Биткоиннің курсы 6 мың долларға жақындап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биткоин криптовалютасы қымбаттап жатыр. Электрондық валютаның құны 6 мың долларға жақындап қалды. Халықаралық валюта қоры криптовалютаға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle -ға сілтеме жасап. 

Әлемдегі ең танымал биткоин криптовалютасы 6 мың долларға жақындап, рекорд орнатты. BitStamp сауда алаңында электрондық ақша жұма, 13 қазан күні 7,4 процентке - 5 846 долларға дейін қымбаттады. Одан бір күн бұрын биткоин курсы 5 мың доллар тұрған еді.

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард орталық банктер мен реттеуіштердің криптовалютаға назар аударатын уақыттың келгенін мәлімдеді. Жаңа қаржылық-техникалық өнімдер жаһандық төлем жүйесіне интеграцияланды және оларды елемеу қауіп төндіреді, деді ол Вашингтондағы жыл сайынғы ХВҚ отырысында.

Лагард ХВҚ-ның өзінің жеке криптовалютасын жасауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Соңғы жаңалықтар