Бішкекте Осман сәулет стиліндегі үлкен мешіт салынды - БАҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасында Осман сәулет стиліндегі үлкен мешіттің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.

Құрылыс жұмыстары Түркияның діни қорының (TDV) қолдауымен жүргізілді. Бішкектегі Осман дәуіріндегі сәулет стилінде салынған мешіттің құрылысы 2012 жылы басталған.

Мешіттің жабық бөлігінің аумағы 7,5 мың текше метр. Мешіттің ішінде бір уақытта 6 мың адам намаз оқи алады. Жақын орналасқан аумақтағы намазға жиналатын мұсылмандардың саны 20 мың адамға жетуі мүмкін.

Мешіт Анкарадағы Коджатепе ауданындағы мешіт іспеттес салынған.

Құрылыс басшысы Муса Демирджидің айтуынша, мешіттің биіктігі 70 метрлік төрт мұнарасы мен екі кіретін есігі бар. 

Соңғы жаңалықтар