Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 326.88
EUR 364.90
RUB 5.47
CNY 47.85

Бір болғанымызда ғана түркі әлемінің болашағы бар - Гриф Хайруллин

Бір болғанымызда ғана түркі әлемінің болашағы бар - Гриф Хайруллин
2017 жылғы 21 сәуір 14:13 908

  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың туған күніне арналған әдеби кеш өтіп, ақын туралы жазылған, оның ішінде қазақ ақын-жазушыларының еңбектерін біріктірген кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бір болғанымызда ғана түркі әлемінің болашағы бар - Гриф Хайруллин
Әдеби кеш Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі аясында ұйымдастырылды. Ғабдолла Тоқай 1886 жылы 26 сәуірде дүниеге келген. Оның балалық шағы Қазақстанның Орал қаласында өткен. Жиында сөз алған танымал ғалым, педагогика ғылымдарының докторы Гриф Хайруллин Тоқай заманында қалыптасқан қазақ-татар байланысы бүгінгі күнде де жалғасын тауып отырғанын айтты. 

Бір болғанымызда ғана түркі әлемінің болашағы бар - Гриф Хайруллин 

«Ғабдолла Тоқай  бүкіл түркі әлеміне таныс, оның ішінде қазақтарға етене жақын, оның өмірі қазақтармен тығыз байланыста болған. Өйткені, Тоқай жас кезінде Оралда тұрған. Ол ақын ретінде сол Орал қаласында танылып, қалыптасты. Содан кейін, Қазанға қайтып, 27 жасында қайтыс болды. Оның қазақ дүниесімен, қазақ жерімен байланысы өте тығыз болған. Бүтін түркі әлемінде Ғабдолланы оқымаған адам жоқ шығар. Қазақ элитасы сол заманда татар медреселерінде оқыған. Сол заманда басталған қазақ-татар зиялы қауымдарының байлынысы бүгінге дейін жетіп отыр», - деді белгілі ғалым.

Бір болғанымызда ғана түркі әлемінің болашағы бар - Гриф Хайруллин 

Гриф Хайруллин «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жеке пікірінде түркі әдебиеті түркі халықтары бір болғанда ғана мәңгі жасайтынын айтты.

«Бір болғанымызда ғана түркі әлемінің болашағы бар. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Ол үшін әдебиет, тарих, мәдениет біте қайнасып жатуы тиіс. Бүгінгі таңда түркі әлемінің ғалымдары, филологтары ортақ әліпби шығарайық деген ұсыныс айтуда. Бұл өте дұрыс идея. Онда ортақ 34 әріп болады. Әрбір халық өзінің 5-6 әрпін қосуы мүмкін. Егер осы әліпби арқылы ортақ болсақ, басқа түркі халықтарының әдебиетін оқи аламыз. Бұлай жасамасақ, біз бөлініп кетеміз. Татарда бір мақал бар: «ажырағанды аю жейді» деген. Қазақтар мұны: «бөлінгенді бөрі жейді» деп айтады. Меніңше, Ғабдолла Тоқайдың «Туған тіл» өлеңі түркі әлемінің бірігуіне қызмет етеді. Оның ана тіліне деген махаббаты бүкіл түркі халықтарында бар. Бұл өлеңді бәрі түсінеді, бәріне ұнайды»,- дейді Гриф Хайруллин.

Бір болғанымызда ғана түркі әлемінің болашағы бар - Гриф Хайруллин 

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханысында ашылған көрмеде қазақтың белгілі ақын-жазушылары С.Машақов, С.Сейітов, Қ.Мырзалиев және Ж. Сыздықовтардың Ғабдолла Тоқай жөніндегі еңбектері мен ақынның қазақ тіліне аударылған шығармалары қойылды. Кітап көрмесі ақынның туған күні -  26 сәуірге дейін жалғасады. Ғабдолла Тоқай 1913 жылы 15 сәуірде дүниеден өтті.
Шараны Қазақстандағы татар-башқұрт қауымдастығы ұйымдастырды.

Бір болғанымызда ғана түркі әлемінің болашағы бар - Гриф Хайруллин
Бір болғанымызда ғана түркі әлемінің болашағы бар - Гриф Хайруллин 

 

 

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер