Бір айдан кейін WhatsApp миллиондаған смартфонда өшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі желтоқсан айының соңында WhatsApp қосымшасы миллиондаған ескі смартфондарда қолжетімсіз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

telegraph.co.uk WhatsApp-тың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап жазуынша, жыл соңында WhatsApp қосымшасы Android, Windows және iOS операциялық жүйелерімен басқарылатын телефондарда өшетін болады. Ескі смартфондар алдағы уақытта сервисте әзірленіп жатқан жаңа мүмкіндіктерді орындай алмайтындықтан осындай шешім қабылданған.

Аталмыш сервисті Android 2.1\2.2, Windows Phone 7, сондай-ақ iPhone 3GS\iOS6 операциялық жүйелерімен басқарылатын смартфондар пайдалана алмайтыны нақтыланып отыр. Ал 2017 жылдың маусым айында WhatsApp BlackBerry, сонымен қатар Symbian S40 және S60 фирмалық платформалары бар Nokia телефондарында өшетін болады. 

Соңғы жаңалықтар