Бір ауруханада істеген апалы-сіңлілер бір-бірін 40 жылдан кейін тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір мекемеде жұмыс істеп келген апалы-сіңлілер бір-бірін 40 жылдан кейін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат life.ru сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер бала кездерінде бір-бірінен ажырап қалған - бірі маскүнем әкесімен қалса, екіншісі анасымен көшіп кеткен.

Апалы-сіңлілер ол кезде кішкентай болған. Әкелері ішімдікке әуес болғаннан кейін, аналары Мэган Хьюзді өзімен бірге алып кетіп, ер адамға  өгей әпкесі Холли О'Брайенді қалдырып кеткен. Әкесі қайтыс болғаннан кейін бес жасар Холли Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы балалар үйіне түседі.

Холли 9 жасқа келгенде, яғни 1978 жылы америкалық отбасы оны асырап алып, Вирджиния штатына алып келеді. Оған жаңа есім береді.

Холли есейгеннен кейін өзін медицинаға арнауды шешіп, Флорида штатындағы ауруханаға жұмысқа орналасады. Сол жерде көптен күткен кездесу болады. Әйелдер бір-бірін 40 жыл көрмеген және өздерінің туыс екендіктерін ДНҚ-тесті арқылы білген.

 

Соңғы жаңалықтар