Білім жылы: Қарағанды облысында түйткілді мәселелер шешімін табады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қарағанды облысында білім саласындағы мәселелерді толыққанды шешу қолға алынады. Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап. 

«Білім саласында балабақшалардағы орын жетіспеушілігі, үш ауысымдық оқу және мектептердің апаттық жағдайлары бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелер қатарында қалып отыр. Сол себепті, 2018 жылды біз білім саласындағы мәселелерді шешу жылы деп белгіледік. Жұмыстар жасалып жатыр. Биыл біз Теміртауда және Ақтоғай мен Ұлытау аудандарында үш мектепті іске қосу арқылы апатты мектептер мәселесін шешеміз»,- дейді Ерлан Қошанов.

Облыстағы мектептердің 72 пайызы 1980 жылға дейін салынған ғимараттар. 2018 жылы 132 нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 5 млрд теңге бөлінді. 

Сонымен қатар, барлық мектеп жанындағы интернаттарды жөндеу және материалдық-техникалық базамен қамту үшін қаржы бөлінді. 
«Ауылдық өңірлерге жұмыс сапарларымның барысында мен үнемі интернаттарға барамын. Жасырмай айтайын, жағдайлары мәз емес, ешбір сын көтермейді. Ал біз балаларға - керісінше, үйдегідей атмосфера жасауымыз керек. Бұл мәселелерді шешетін боламыз»,-деді Ерлан Қошанов.

Облыста мектепке дейінгі білім мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің арқасында дамып келеді. 
«Біз жеке бизнеспен өзара байланыс механизмін таптық. Оның бірі Қарағандыдағыдай мемлекеттік тапсырыс көлемін арттыру. Осы тәжірибені облыстың басқада қалалары мен аудандарында іске асыру керек. Өткен жылды ескере біз балабақшаларда 5,5 мыңнан аса жаңа орындарды ұсынамыз, оның 4 мыңы жеке инвестицияларды тарту есебінен. Биылғы жылы біз 3 пен 6 жас аралығындағы барлық бүлдіршіндерді 100% мектепке дейінгі біліммен қамту жоспарын қойып отырмыз»,-дейді аймақ басшысы. 

Соңғы жаңалықтар