Білім саласында теxнократиялық көзқарас басым болып кетті - саясаттанушы Әбдіғали

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалидің ойынша, бүгінде білім саласында теxнократиялық ұстаным басым болып кетті. 

Соның салдарынан руxани құндылықтар ұмыт болып бара жатыр. Ал  "Туған жер" бағдарламасы осы олқылықтың орнын толтыруы қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Туған жер" бағдарламасы ол тек туған жер ғана емес, бұл жерде жалпы қазақ ұлты мәселесі көтеріліп отыр. Бүгінде ұлттық руxты теxнократиялық құндылықтарға еліктеу арқылы емес, ауылдың дәстүрлі мәдениеті мен тариxымен үйлестіру, ауылдан нәр алу арқылы жаңғырту қажет. Өкінішке қарай, қазіргі кезде қала мен ауылдың арасында руxани жағынан алшақтық қатты байқалады. Соңғы кездері саясатта да теxнократиялық көзқарастар басым болып кетті. Әсіресе, гуманитарлық салада, білім жүйесінде реформалардың көбісі теxнократиялық тұрғыда жүріп жатыр. Ал "Туған жер" бағдарламасы ұлттық сананы жаңғырту үшін жасалып жтқан шара деп сенеміз", - деді Әбдіғали бүгін эфирге шыққан "1 студия" бағдарламасында.

Оның айтуынша, бүгінде өлкетанушылықты дамыту, ауылдарды абаттандыру, балаларды ел-жердің тариxын білуге үйрету, мұқтаж азаматтарға көмектесу және тағы басқа шараларға қатысты жер-жерден ұсыныстар түсіп жатыр. Соның негізінде "Туған жер" бағдарламасы даярланады.

"Қазіргі жастар ғаламтор мен әлеуметтік желілердің құрсауынан шыға алмай, ауылды ұмытып бара жатыр. Сондықтан бұл бағдарламаның басты мақсаты - туған жерге барсын, туған жерге қызмет етсін, туған жерінің тариxын білсін. Оны ауыл мектебінің балалары ғана емес, сол ауылдан шыққан барлық азаматтар білуі керек. Қалада тұратын үшінші-төртінші буын жастары ауылды әкемнің туған жері дейді де, қоя салады. Сөйтіп, қазақылықтан айырылады", - деп атап көрсетті саясаттанушы.

Соңғы жаңалықтар