Бильярдшы бес метрлік киймен Гиннестің рекордтар кітабына енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ең ұзын тастаяққа (кий) ие француз бильярдшысы  Флориан Колер (Florian Kohler) Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Лас-Вегас қаласында (Невада штаты)  өткен шарада спортшы демеушісі - MEZZ жапондық фирма  жасап берген  537 сантиметрлік кийін көрсетті. Ол таяқпен сегіз шар кіргізді, деп хабарлайды UPI. 

Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері бес метрлік аспапты ойнауға жарамды  әлемдегі ең ұзын кий деп таныды.  Әдетте тастаяқтың ұзындығы 160 сантиметрден аспайды.

Соңғы жаңалықтар