Биіктен құлап кеткен «Қазмыстелеком» инженері ауруханада көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 сәуір күні Жезқазған қаласының ауруханасында 1989 жылы туған «Қазмыстелеком» телекоммуникациялық кәсіпорнының Жезқазған байланыс цехының инженері көз жұмды. Ол монтаж жұмыстарын жүргізу барысында биіктен құлап, жарақат алған еді.

«Қазақмыс» компаниясының хабарлауынша, арнайы комиссия қайғылы оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. 

Соңғы жаңалықтар