Бейжіңде Үйсін тарихын арқау еткен спектакль қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Іле қазақ автономиялы облысының Текес ауданының әртістері дайындаған «Қара көз» атты музыкалық спектакль  Бейжіңде қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат kazakcnr.com сайтына сілтеме жасап.

null
 60  әртіс ойнаған «Қара көз» атты бұл көлемді тарихи қойылым, 2000 жыл бұрынғы Үйсін еліндегі тарихи оқиғаны арқау еткен. Сонымен бірге тарихи-мәдени мұраларға бай «Сегіз қырлы қала» атанған көрікті Текесті, осы аудан аумағындағы Дүниежүзілік мәдени мұралар қатарына енгізілген Текестің атақты Қаражон жайлауында өмір сүрген Үйсін елінің сыртқы мемлекеттермен арадағы қарым-қатынасы өзек болған.
null 

  Осылайша ұлттық түс алған, өңірдің өткені мен бүгінін сахнаға шығарған «Қара көз» Бейжіңдегі көрермендердің ықыласына бөленді. Тарихи-мәдени құндылығымен ерекшеленген туынды алдағы уақыттарда  осы қалада  тағы да  5 рет қойылмақ. Сондай-ақ, Қытайдың басқа да  ішкі қалаларында көрсету жоспарланып отыр.
null 

Қытайдің Шыңжаң өлкесіндегі Текес ауданының дүние жүзіндегі ең үлкен, ең кемелді багуа (қазақша: Сегіз қырлы) қалашық деген атағы бар. 2001 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енген. Аудан орталығы геометриялық сегіз қырлылығымен де әйгілі, жалпы сәулеті дөңес формасында келіп, көше жолдарының орналасу ерекшелігі орда тәрізді, жолдары өрмекшінің торындай тұтасып жатады. Сонымен қатар, ұлттық ерекшелігі, тарихи мәдениеті, табиғи көріністері, шығыстық сәулет үлгісінің арқасында Қытай туризмінде өзіндік орны бар өңірге айналды. Бұл аймақ ежелгі Үйсін мәдениеті мен салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары тоғысқан жер.
null null 

Айта кетер жайт,  Іле қазақ автономиялы облысы қарауындағы осы ауданда қазақтар жиі шоғырланған. 
null 

Соңғы жаңалықтар