Бейжіңде өткен СІМ-нің кеңесінде ШЫҰ Астана саммиті сөз болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 27-28 сәуірде Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) штаб-пәтерінде қазақстандық тараптың төрағалығымен «ШЫҰ қызметін ақпараттық сүйемелдеу үдерісінде сыртқы істер министрліктерінің ақпараттық қызметтерінің өзара іс-қимылы туралы» Сыртқы істер министрліктері (СІМ) аралық консультациялар өтті, деп хабарлады Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Консультация барысында тараптар Ұйымның қызметін ақпараттық сүймелдеу саласындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің СІМ ақпараттық қызметтерінің ынтымақтастығын тереңдетудің одан әрі жолдары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ өткен жылғы ақпараттық жұмыс бойынша ШЫҰ Хатшылығының есебі тыңдалды.



Консультация барысында 2017 жылы маусымда Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары Кеңесінің отырысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша бірлескен жұмысқа баса назар аударылды.



«Қазақстан Республикасы өзінің төрағалығы аясында жаһандық медиа-кеңістікте ШЫҰ-ға жағдай жасау бойынша бірлескен ақпараттық жұмысқа ерекше мән береді. Ел астанасында өтетін ірі саяси шараға белсенді дайындық жүріп жатыр: ШЫҰ саммитінің баспасөз орталығын ашу шешімі қабылданды, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық өкілдерінің жайлы да жемісті жұмыс жасауы үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалады. ШЫҰ астаналық саммиті әлемге Ұйымның игі мақсаттары мен міндеттерін көрсетуі тиіс», - деді консультацияға төрағалық еткен Қазақстан СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Динара Желдібаева.

Соңғы жаңалықтар