Бейжіңде Наурыз мерекесінің тойланғанына - 36 жыл

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бейжіңдегі қазақ зиялылары 36  жылдан бері Наурыз мейрамын тойлап келе жатыр. Бұл туралы «Жэньминь жибао» басылымы жазады.

Биыл да сол дағды бойынша 21 наурызда Орталық Ұлттар университетінде қазақ тіл әдебиеті факултетінің ұйымдастыруымен арнайы мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Бұл шара барысында Алтай аймақтық филармониясы өнер көрсетті.  Сонымен бірге Қытай мемлекеттік бірінші дәрежелі әртісі Уаң Хұңуей мерекелік кешке арнайы келіп, қазақтың  «Сары жайлау» әнін орындады. 

«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтаймын! 1982 жылдан бастап Бейжіңдегі қазақтар дәстүрлі наурыз мерекесін атап өтіп келеміз. Міне, биыл 36 жыл толып отыр. Алғашында тек дастархан басында атап өтетінбіз, жылдан-жылға көлемі ұлғайды. Соңғы кездері Шынжаңдағы Іле облысына қарасты үш аймақтан арнайы өнерпаздар келіп мерекелік сәлем жолдауды дәстүрге айналдырды»,- дейді Қытайдағы белгілі қазақ жазушысы Әкпар Мәжитұлы.

Соңғы жаңалықтар