Бейбіт Шүменов спорттық мансабын аяқтауға қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) кәсіби спорттағы мансабының аяқталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен өкінішке орай бірінші ауыр салмақтағы WBA чемпиондық титулдан бас тарттым және көзімнің жарақатына байланысты  бокстан кеттім. Әрине, менің осылай спорттан кетіп қалғандығым өкінішті. Бірақ не істей аламын, жарақат ол бокс сынының бір бөлігі. Менің әлі күнге дейін көзім бұлыңғырап көреді. Келесі айда маған тағы да операция жасайды. Сондықтан да мен жанымды саудаға салғым келген жоқ»,- деді Шүменов.

Еске сала кетейік, бұған дейін жартылай ауыр салмақтағы қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов 19 маусымда бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBА) шешімі бойынша жартылай ауыр салмақтағы WBA әлем чемпионы титулынан айырылды. Сол күні Бейбіт жаттығуда алған жарақатына байланысты бокстан кететіні белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар