Бес саусақ бірдей емес - Исекешев ПИК-тердің жұмысы туралы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев қаладағы пəтер иелері кооперативтерінің жұмысына арналған қоғамдық тыңдау барысында ПИК-тердің жұмысына "бес саусақ бірдей емес" деп баға берді.

 Исекешев атап өткендей, жұмысын мінсіз атқаратын ПИК-тер сияқты, мүлде жұмыс істемейтін ПИК-тер жетерлік, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, Ə.Исекешев атап өткендей, қазір қалада 419 ПИК жұмыс істейді.

"Бүгінде тұрғын үй қатынастары елорданың ең маңызды мəселесі болып саналады. Себебі, қарапайым қала тұрғындарының өміріне тікелей қатысты. Сондықтан, біз бұл мəселені үнемі назарда ұстаймыз. Бүгін сіздермен ПИК-тердің жұмысын талқылаймыз. Астана қаласында 419 ПИК тіркелген. Олар 2 жарым мыңға жуық көпқабатты үйдің тұрғындарына қызмет етеді",-дейді ол.

Қала əкімі ПИК-тердің жұмысына тоқтала келе, бұл салада шешілмеген мəселе көп екенін жасырмады.

"Бес саусақ бірдей емес" демекші, ПИК-тердің жұмысының сапасы да əртүрлі деңгейде. Кейбір ПИК-тер тұрғындардың көңілінен шығып жатса, кейбір ПИК-терге қатысты сұрақтар көп. Жалпы, халықтың көпшілігі ПИК-тердің қызметіне көңілі толмайды. Шешілмен мəселелер көп. Біз қала əкімдігі ретінде мұндай проблемалардың болуын қаламаймыз. Қазір қаланы өркендетіп, азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін қаншама жұмыстар атқарылып жатыр. Егер қарапайым ПИК-тердің жұмысын шешсек, көздеген мақсатқа жетеміз. Сондықтан, осы мəселені жиі талқылау керек",-деді Ə.Исекешев.

Соңғы жаңалықтар