БелАЗдың жарылған доңғалағы Toyotaны жермен-жексен етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - РФ Кемерово облысында БелАЗдың ағытылып алынған үлкен доңғалағына ауа үрлеп жатқан кезде жарылып кетті. Жүк көлігіне техникалық қызмет көрсеткен жұмысшылар камерадағы қысымды дұрыс есептемеген. 

Бірнеше метр жерге ұшып кеткен доңғалақ сол маңайда тұрған Toyota Сorolla автомобилінің төбесіне құлады. Абырой болғанда, машинаның ішінде адам болмаған және  ешкім зардап шеккен жоқ. Быт-шыты шыққан шетелдік маркалы машина енді қайта жөндеуге келмейді.

 

Соңғы жаңалықтар