Беларусь билігі 9 жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандықты экстрадициялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Беларусь Республикасына іздеу жарияланған азаматша М-ды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы өтініш жасаған болатын. Беларусь тарапы осы өтінішті қанағаттандырды. Бүгін қылмыскер Қазақстанға жеткізілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның құқық қорғау органдары азаматша «М» - ға 9 жылдан астам уақыт іздеу жариялап келген еді. Ол пәтер алаяқтығын жасады деп айыпталған болатын. Қазіргі уақытта «М» Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», - делінген баспасөз баянында.

Еске сала кетсек, бұған дейін елдер арасындағы келісімге сәйкес, Ауғанстаннан Қазақстан азаматы да экстрадицияланған. Ол террорлық топты құру, басқару, оның қызметін қаржыландыру және Атырау облысы аумағында террорлық қылмыстар жасағаны үшін айыпталған, 2011 жылдан бастап іздеуде болатын.

Соңғы жаңалықтар