Беларусь бала дүниеге келгенге байланысты əкелер демалысын енгізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексіндегі әкелер демалысына қатысты ұсынысты түсіндіріп берді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Ведомствоаралық жұмыс тобы бала туған кезде әкелерге қысқа мерзімді демалыс беруге қатысты Еңбек кодексінің жобасына ұсыныстар енгізді. Ұсынысқа сәйкес, бала туғаннан кейінгі алғашқы жарты жылда 14 күнге дейін ер адамдарға демалыс алуға рұқсат етілмек. Басқа да отбасылық жағдайға байланысты берілетін әлеуметтік демалыстар сияқты аталған демалыс түрі жалақыны сақтамаған күйде беріледі.

Қазіргі уақытта үш жасқа толмаған балаға күтім жасау үшін демалыс тек қана анасына (өгей анасы) ғана емес, сонымен бірге отбасының шешімі бойынша әкесіне  (өгей әкесі), басқа да туыстарына, баланың отбасы мүшелеріне (Еңбек кодексінің 185-бабы) беріледі.  

Соңғы жаңалықтар