Бекман Сойлыбаев WBC International белбеуін қорғауға дайындалуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік кәсіпқой бокс жұлдызы Бекман Сойлыбаев екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBC International чемпиондық белбеуін қорғауға дайындықты бастады және кеше Астанада бірінші спарринг-кездесу өткізді, деп хабарлайды «Қазақстанның кәсіпқой боксы» Фейсбукте.

Бекман "Ali Gym club" залында Міржан Рахымжановпен бірге спарринг өткізіп, өзінің арсеналындағы кейбір элементтерді жасады.

Еске салайық, Бекман Сойлыбаев - жартылай жеңіл салмақтағы WBC International чемпиондық белбеуінің иегері, WBC желісі бойынша осы салмақтағы ТОП-25 боксшылар тізіміне кіреді. Жаздың соңында ол осы белбеуді қорғау үшін аргентиналық Орацио Кабралмен (19-0-1, 8КО) айқасады. 

null 

Соңғы жаңалықтар